Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары марапатталды

Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай үздік тәртіп сақшылары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Шымкент қаласының Полиция департаментінде қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов іс-шараны ашып, жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтады.

– Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 29 жыл толды.
Елбасымыздың саясаты мен табанды еңбегінің арқасында, қиындығы мол қысқа уақыт ішінде әлемдегі озық елдермен терезесі тең, тәуелсіз де қуатты ел құра білдік. Халқымыз тату-тәтті өмір сүруде. Тарих еншісіне айналып үлгерген жылдар ішінде мемлекетіміз жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналды. Отанды сүю әр азаматқа тән жауапкершілік. Бұл әрқайсымыздың мемлекет алдындағы азаматтық борышымыз. Халық пен полиция арасында сапалы жаңа қарым-қатынастар құру және ішкі істер органдарына азаматтардың сенім деңгейін арттыру өте маңызды міндет болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Кемелұлы 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында полиция қызметкерлері халыққа жақын, әділ, әдепті болуы және «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша қызмет атқаруы тиіс деп атап өтті. Сондай-ақ  Мемлекет басшысы тарапынан полицияға үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Осыған байланысты, халықтың полицияға деген сенімін арттыру үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет.
Полиция қызметкерлері алдағы уақытта да халыққа сапалы заңгерлік көмек көрсетуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік борыштарын абыроймен орындайтынына сенімдімін. Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарып отырған еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!, – деді Ералы Мұсаәліұлы.

Мерекеге орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бірқатар қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру