Консультативтік-кеңесші органның қорытынды отырысы өтті
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы әкімдігінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органның қорытынды отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Консультативтік-кеңесші органның барлық мүшелері бейнеконференция режимінде байланысқа шықты.
Күн тәртібінде Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, КММ-нің бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру және оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету бойынша атқарған жұмыстары, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі бойынша «Әлем-СПАС» қайырымдылық қорының жұмысы талқыланды, сондай-ақ Семей қаласы пробация қызметінің қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ 2021 жылға арналған қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары бекітілді.
Комиссия отырысы қызу пікірталас алаңына айналды. Пікірталасқа Семей қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14, ОВ-156-15, ОВ-156/16 мекемелерінің, Әуезов, Затон, Орталық аудандық пробация қызметтерінің, қала әкімдігі бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ «Әлем-СПАС» қайырымдылық қорының атқарушы директоры қатысты.
Отырыс барысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, жазасын өтеу мекемесінен босатылғандардың тарапынан қылмыстың қайталануын болдырмауға, оларды бизнес ашу мен оқытуға қолдау көрсетуге, мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы жазасын өтеу үшін орын таңдауға байланысты мәселелер белсенді талқыланды.