Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоциклден 9 қоянның еті табылды

1-31 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Киік» алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басты мақсат – киіктерді заңсыз аулауды анықтау және жолын кесу, олардың дериваттарын өткізудің алдын алу.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында іс-шара өткізу барысында Байғанин ауданында Қопа кентінен 5 км қашықтықта полиция қызметкерлері Атырау облысының 19 жастағы тұрғынының басқаруымен мемлекеттік нөмір жоқ «Орал» мотоциклін тоқтатты. Мотоциклді тінту кезінде атылған тоғыз қоянның еті, «Baikal МР-18ем-М» 12 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтық және сегіз патрон табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті кінәсін мойындап, ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша браконьерлік үшін жауапкершілік күшейтілді. Егер бұрын браконьерлік фактісі дәлелденсе, қылмыскер мүлікті тәркілеуге және жеті жылға бас бостандығынан айыруға тартылса, бүгінде жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Мемлекеттік инспекторларға шабуыл жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеу және өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі бар. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген бапқа сәйкес, мемлекеттік инспекторларға немесе қорық қызметкерлеріне келтірілген зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру