Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары марапатталды

Жамбыл облысының Полиция департаментінде Тәуелсіздік күніне орай ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдарының ерекше көзге түскен  100-ден астам қызметкері медальдармен, төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Арнаулы атағы мерзімінен бұрын төрт қызметкерге берілді. ҚР ІІМ грамотасымен төрт қызметкер, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» медалімен сегіз қызметкер, алғыс хатпен бес қызметкер марапатталды. Осы бұйрықпен бес қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталып, облыстық Полиция департаментінің бес қызметкеріне алғыс жарияланды.

Облыстың ПД бастығының грамотасымен 30 қызметкер, алғыс хатпен 70 қызметкер марапатталды.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан азаматтардың тыныштығы мен құқықтарын қорғауда алдыңғы қатарда. Жамбыл облысының барлық полиция қызметкерлері мен тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймін. Сіздердің үйлеріңізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын!»- деп атап өтті Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру