Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінде салтанатты іс-шара өткізілді

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/8 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында мекеме бастығы В.Ким жеке құрамды мерекемен құттықтап, қызмет бабында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында өткізілген "Тәуелсіздік - тұғырым" атты сурет салу байқауы қорытындыланды.

Бұдан басқа мерекелік шара барысында жеке құрамға Тәуелсіздік жылдарының жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру