Зейнеткер құжаттарын қайтарып бергені үшін петропавлдық жедел уәкілдерге алғысын білдірді
Зейнеткер құжаттарын қайтарып бергені үшін петропавлдық жедел уәкілдерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күні 65 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны үшін қолайсыз күн болды. Ол қызымен бірге супермаркетке барған, үйіне келе жатып ақша, банк картасы мен құжаттар салынған сөмкесінің жоғалғанын анықтайды. Құжаттарсыз банк картасын қалпына келтіру мүмкін емес, демек зейнетақысын ала алмайды. Сондай-ақ, құжаттарды қалпына келтіру үшін өзі бару керек, ал дәрігерлер әйелдің денсаулығына байланысты үйден жалғыз шығуға тыйым салған. Қызы дүкенге дейін және кері қарай жүріп іздесе де, еш нәтиже шықпаған.
Ешқандай үмітсіз ол «102» арнасына қоңырау шалған. Келген полицейлер екі әйелдің айтқанын тыңдап, арада екі сағат уақыт өткен соң жоғалған затын қайтарып берді. Зейнеткер бутиктердің бірінде сөмкесін ұмытып кетіпті. Тәртіп сақшылары супермаркеттің күзет қызметімен бірге бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, тамақ сатып алғаннан кейін әйелдің сөмкесімен кассадан шыққанына көз жеткізді. Қуанған зейнеткер жедел уәкілдердің аты-жөндерін сұрап алған.
– Жедел жұмыс істегендері үшін Петропавл қ. Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел уәкіл полиция қызметкерлері Жаслан Мұратовқа, Азат Мұқановқа, Анна Усеноваға алғысым шексіз, – деп жазыпты СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың атына жазған хатында.
Оның қызы: «Үмітімізді үзіп, анамның денсаулығына байланысты бірге баруым керектігін айтып, басшылықтан қалай сұранамын деп отырғанда, ертегідей болды… Осындай қызметкерлер үшін көптен-көп рахмет!