Сотталған азаматтар Абай өлеңдерін жатқа оқыды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармаларын жатқа айтудан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазасын өтеушілер Хакім Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп айтып, ұлы ақынға арнап, өздері шығарған өлеңдерін оқыды.
Сайысқа қатысушылардың өнеріне облыстық Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Төлен ата» мешітінің имамы және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі қазылық етті.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.