Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар қаласының тұрғыны полицейлерге ризашылығын білдірді

Павлодар қаласының полицейлері балалар шанасын ұрлаған азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам үйдің кіреберісінде қалдырған баласының шанасын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтып, полицияға жүгінді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ал шана иесіне қайтарылды.

– Мен шанамыздың ұрланғанын білгеннен кейін бірден полицияға хабарластым. Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері Әлібек Қамзин мен Асхат Маралбаев дереу әрекет етіп, қаскүнемді тауып, мүлкімізді қайтарды. Мен оларға жемісті жұмысы үшін рахмет айтамын, – деді шанасы табылған тұрғын.

Өз кезегінде полицейлер қала тұрғындарына өз мүлкіне мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру