Учаскелік полиция инспекторлары ұрыны ұстады
Қарағанды облысының Осакаров ауданында учаскелік полиция инспекторлары ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 желтоқсанда Осакаров ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ауылдардың бірінде аулаларды аралап жүргенде 48 жастағы ауыл тұрғыны 20 желтоқсан күні қысқы күртешесін, оның қалтасындағы ұялы телефонымен қоса белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы айтқан.
Шығын 19 мың теңгені құрады. Ұрының қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленуші байланыс құралынсыз және жылы киімсіз қалған. Ол қаскүнемді өзі тауып алмақшы болған, біреу іздеу шаралары нәтижесіз аяқталған.
Учаскелік инспекторлар жасалған ұрлықтың мән-жайын анықтауға кірісіп, жәбірленушінің таныстарына кеткенін пайдаланған ұрының үйге терезе арқылы кіргенін және үй иесінің мүлкін жымқырып кеткенін анықтады.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдіктіні анықтап, ұсталған 26 жастағы ауыл тұрғыны кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергелуде.