Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыс бейнебақылау камерасының көмегімен ашылды

Қарағандылық полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы дүкеннен ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қарашада Қарағанды қаласы Орталық полиция бөліміне қалада орналасқан сауда ұйымдарының бірінің өкілі жүгінді. Белгісіз тұлға дүкенге еркін кіру арқылы электрондық құрылғының алты данасын алып кеткен.

Шығын 327 мың теңгені құрады.

Бейнебақылау камерасының жазбасын зерделеген полицейлер жас шамасы 45-50 жас аралығындағы ұрыны анықтады. Аталған азамат дүкенге бірнеше рет кіріп, ұрланған заттарды күртешесіне тығып шығарған. 

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

18 желтоқсан күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 47 жастағы күдіктіні құрықтады. Ол кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру