Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзудың 4 дерегі тіркелді

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасы барысында 13 қылмыстың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлер «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 13 қылмыс ашты. Облыс орталығында бұрын жасалған үш қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 499 адам тексерілді.

Облыс бойынша барлығы 524 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзудың төрт дерегі тіркелсе, түнгі тыныштықты бұзудың – 22, қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болудың – 47 дерегі анықталды.

Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 98 жүргізуші, жаяу жүргіншіге жол бермеген 10 және көлікті мас күйде басқарған тоғыз жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Айта кетерлігі, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел шарасы өткізіліп, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру