Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Елорда аумағында 22-24 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

Жедел-алдын алу іс-шарасының үш күнінде 71 қылмыс тіркелді. Оның 55-і ашылды, сонымен қатар бұрын жасалған 36 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 18 күдікті ұсталды, есірткі заттарын заңсыз сақтаған 12 адам анықталды және қаруды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және алып жүргені үшін 11 тұлға ұсталды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында үш мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 378 тұлға қоғамдық орындарда мас күйде болғаны, 308-і ұсақ бұзақылық жасағаны, 365-і тыныштықты бұзғаны және 33-і отбасылық жанжалға себепші болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпаудың 222 фактісін анықтады, 60 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 7 мас жүргізуші анықталды, бұдан басқа 5 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылса да көлік жүргізгені үшін ұсталды. 407 жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері 37 жастағы көлік ұрлаған адамды ізін суытпай ұстады. Күдікті сағат 02.40-та Тәуелсіздік даңғылы бойындағы үйдің ауласынан «Volkswagen Passat» көлігін айдап әкеткен.

Автокөлік ұрлығын ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тіркеген. Кейіннен күдікті көлікті Петров көшесіне тастап, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ауданды патрульдеу кезінде үйлердің бірінің ауласынан күдіктіні ұстады. Ол жасаған қылмысын мойындады. ҚР ҚК 200-бабына (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру