Әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды
Жамбылдық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен кезекті әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 23 желтоқсанында Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері Сейфуллин көшесіндегі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамай жүріп кеткен «Dong Feng» маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін тіркеді. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына өту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сол күні Тараз қаласының ПБ ЖБО сыртқы бақылау камералары Төле би – Қойгелді батыр көшелерінің қиылысында «Мерседес» маркалы көлік құралы жүргізушісінің жол ережесін бұзу дерегін тіркеді, оның бүйір әйнегіне қара түсті перде түріндегі қосымша зат ілінген. Жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнатқаны немесе көлік құралының терезелеріне жабын салғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
2020 жылғы 24 желтоқсанда Әшімбаев көшесінің бойында Тараз қаласы тұрғынының темекі тұқылын тастау дерегі тіркелді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі (Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы үш ер адам 2020 жылғы 24 желтоқсанда Байзақ батыр көшесіндегі дүкендердің бірінің тұрағында жасаған осындай әкімшілік құқық бұзушылығы үшін 13 890 теңгеден төлейді.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камераларының тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Ал Жедел басқару орталығының қызметкерлері құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтайды.