Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

Жамбылдық полицейлер заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 желтоқсанда Талас ауданының учаскелік полиция инспекторлары шаруа қожалығының иесі болып табылатын Ойық ауылының 41 жастағы тұрғынынан «МР-120» маркалы 12 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруын тауып, тәркіледі. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

– Тергеу жұмыстары жалғасуда, қарудың қандай-да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру