Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық алаяқ сатып алушыны алдап соққан

Теміртауда сатып алушыны алдап соққан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғаны туралы шағымданды.

Жәбірленуші белгісіз біреуден ұялы телефон сатып алуға келіскен. Кездесу кезінде сатушы алдын-ала төлем талап етіп, өтініш беруші оған 210 мың теңге берген.

Келіскен уақытта телефонын ала алмаған жәбірленуші полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

28 желтоқсанда жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру