Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас жігіт жарты жылда екінші рет ұрлыққа барған

Алматы облысында әкімшілік ғимараттан компьютерлік техника ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады.

25 желтоқсанда Ескелді ауданының ПБ кезекші бөліміне Қарабұлақ ауылының әкімшілік ғимаратынан ноутбук пен принтердің ұрланғаны туралы хабарлама түсті.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ұрының кабинетке кіру үшін  есікті өрт сөндіруге арналған құрал-саймандардың көмегімен бұзғанын анықтады.

Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тергеушілер бір тәулік ішінде «ізін суытпай» Ескелді ауданы Өрқусақ ауылының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

Полицейлер оның үйіндегі шифоньерден ұрланған ноутбук пен принтерді тәркіледі.

Ұрлық жасағанын мойындаған күдіктінің қылмыстық тәжірибесі бар екені белгілі болды. 2020 жылғы тамызда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Талдықорған қалалық соты оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот санкциясымен күдіктіге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған тұрғынның өңірде орын алған басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру