Полицей-Аяз ата балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбелік полицейлер 20 баланы асырап отырған Жетесовтердің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын дәстүр бойынша полиция қызметкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың рөлінде қаланың ең жас тұрғындарына нағыз қысқы ертегінің сиқырын ұсынады.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Аяз Ата және Ақшақармен бірге үлкен, тату және шығармашылық Жетесовтер отбасын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, балаларға сыйлықтар тарту етті.
Ал құқықтық тәртіп сақшылары үшін балалар шығармашылық сыйлық дайындады – өлеңдер айтып, халық аспаптарында ойнады.
Амангүл Ешпанова мен Өмірхан Жетесов үш баласын және патронаттық тәрбие мен қамқорлықтағы 20 баланы тәрбиелеп отыр. Жетесовтрр отбасында барлығы музыкалық аспапта ойнайды, бүгінде Жетесовтердің «Шашу» отбасылық ансамблі біздің облыста ғана емес, республикада да танымал.
Көп балалы отбасына барған А.Арыстанов ата-аналарға осындай балаларды тәрбиелегені үшін алғысын білдіріп, оларға жақсылық, бақыт, балаларды еліміздің лайықты азаматтары етіп өсуіне тілектестік білдірді.
– Полиция департаменті тұрақты түрде қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді, өйткені балалар біздің болашағымыз, мүмкін олардың арасында болашақ полицейлер де болуы мүмкін. Біз балаларға әрқашан көмектесуге ниеттіміз, – деді полиция басшысы.
Айта кетейік, осы аптаның соңына дейін облыс полицейлері көптеген бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтауды жоспарлап отыр.