Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрысы анықталды

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуы бойынша, көше бойында жайылып жүрген бір бас тайын белгісіз біреулер жасырын ұрлап кеткен. Өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты Жетісай АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) тіркеп, тергеп-тексеру амалдары басталды.

Осы оқиғаға байланысты Жетісай АПБ КПБ және ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен бірге қылмыс орын алған аумақта сұрастыру, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қол хатта.

Тергеу барысында анықталғандай кешкі сағат 19:00 шамасында күдікті азамат көше бойында жайылып жүрген тайды көрген. Осы уақытта оңай жолмен ақша табу мақсатында оны жетектеп өз үйіне алып кеткен. Содан соң ірі қара малды Мақтаарал ауданының тұрғынына сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Айғақты зат ретінде мақтааралдық тұрғыннан бір бас тай алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына қырағы болуға және өз мүлкін сақтау үшін қажетті шаралар қабылдауға кеңес береді. Мүмкіндігінше аулалар мен қора-жайларын сенімді құлыптармен және қоршаулармен нығайтқаны жөн. Малды таңбалап, ен салдыру керек. Сондай-ақ бақташы жалдау қажет. Егер сіз мал ұрлығының болмаса басқа біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру