Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың алдын-алу шарасы өткізілуде

Түркістан облысының полицейлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың алдын-алу іс-шараларын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау мақсатында Жаңа жыл қарсаңы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш өскіндерін заңсыз шабу, дайындау, тасымалдау және сатудың жолын кесудің алдын-алу мақсатында, жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Сонымен қатар облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне түсетін патрульдік полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметтерін атқару барысында автожолдарда қылқан жапырақты ағаш түрлерін тасымалдау және сату заңдылығына баса назар аударылуда. 

Мысалы, Түркістан облысы ЖПҚБ Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторлары және облыстық Орман қорғау органдарының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан базарлар мен сауда қатарларын тексерді. Сондай-ақ осындай рейдтік іс-шаралар облыстың барлық аудан орталықтарында да жүргізілуде. Шара барысында жасанды Жаңа жылдық шыршаларды сатумен айналысып тұрған азаматтардан сұрастыру жұмыстары да атқарылды. Олар табиғи қылқан жапырақты жас талдарды кесуге немесе сатуға қатаң тыйым салынғанын айтқан.

Одан бөлек, облыстың шырша тұқымдары табиғи түрде өсетін Төлеби, Қазығұрт, Кентау және Бәйдібек аудандарына да полиция қызметкерлері бір шолу жасап шықты. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

Облыс тұрғындарының назарына, ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабында (Белгiленбеген орындарда сауда жасау, яғни жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын) ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру