Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған 3 жасар бүлдіршін табылды

Түркістан облысының полицейлері адасқан үш жасар сәбиді қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешке, сағат 21.30-да Темірлан кентінің аудан орталығы көшелерінің бірінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызмет өткеру кезінде Ордабасы АПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары саябақта адасып қалған кішкентай қызды байқады. Полицейлер Тимур Манабаев пен Еламан Спабеков табылған сәби туралы дереу кезекші бөлімге хабарлап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Тәртіп сақшылары жоғалған баланың ата-анасын іздеуге дереу кірісті. Олар қыздан қайда тұратынын сұрауға тырысты, бірақ нақты жауап ала алмады. Содан соң полиция жаяу жүргіншілер мен дүкен иелерінің және жол бойындағы тамақтандыру орындарын тексеруге кірісті. Жақын маңдағы полиция пукнтеріне хабар берді.

Жарты сағаттан кейін полиция қызметкерлеріне жоғалған қыздың атасы келді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам түсіндіргендей, немерелерімен бірге «Арбат» саябағына серуендеп, бір сәтте немересінен көз жазып қалған. Учаскелік инспекторлар табылған үш жасар қызды аман-есен атасына қайтарды. Өз кезегінде, аудан орталығының тұрғыны қырағылық танытып, жоғалған немересін жедел тауып алған тәртіп сақшыларына үлкен алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналар мен ересектерге балаларға, әсіресе қоғамдық орындар мен мекемелерге барған кезде мұқият болу қажеттігін ескертеді. Балаларды бір минутқа қараусыз қалдырмаңыз, өйткені олар көпшіліктің арасынан оңай жоғалып кетуі немесе үйден белгісіз бағытқа шығып кетуі мүмкін. Балалар жоғалған жағдайда дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласып, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпау керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру