Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй қызметшісі зергерлік бұйымдарды ұрлаған

Елордада үй қызметшісі қожайындарға тиесілі зергерлік бұйымдарды ұрлап, ломбардқа өткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерлі-зайыптылар бағасы 700 мың теңгеден астам сомадағы зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы полицияға арызданды.

Жәбірленушілердің пәтеріне отбасы мүшелерінен басқа үй шаруашылығына көмектесетін қызметші келіп тұрған. 38 жастағы әйел адам бұл отбасында бірнеше ай жұмыс істеген.

Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері үй шаруашылығына көмектесетін әйелдің ерлі-зайыптылардың сенімін пайдаланып, пәтерден ұрлық жасағанын анықтады.

Ол екі ай бойы пәтерден зергерлік бұйымдарды алып, ломбардқа өткізіп отырған.

Әйел адам істеген іс-әрекетін мойындады. Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарды тәркіледі және иесіне қайтарды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, күдікті әйелдің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру