Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында масаң күйде қайта көлік жүргізген жүргізуші 3 жылға сотталды

Алматы облысында масаң күйде қайта көлік жүргізген жүргізуші үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, ер адам өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

2018 жылдың 23 мамырында Алматы облысы Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен К. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны, яғни мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.
Тиісті қорытынды жасамаған К. есімді азамат, көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, масаң күйде көлігімен Талдықорған қаласындағы Медеу көшесімен келе жатып, Қазақстан Республикасының жол ережесін өрескел бұзып, М. есімді азаматтың автокөлігіне соқтығысқан. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Талдықорған қалалық сотының шешімімен азамат көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Полиция барлық жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішпеуге шақырады, себебі бұл әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндірмей, өздеріңізді сақтаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру