Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының жеке құжаттарын жойған күдікті ұсталды

Алматы облысында ер адам танысының көлігінің терезесін сындырып, жеке құжаттарын жойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері автокөлікке кіріп, жеке құжаттарды жойған күдіктіні ұстады.

2020 жылдың 2 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданының кезекші бөліміне Есік қаласының 36 жастағы тұрғыны белгісіз біреудің “Фольксваген Гольф” маркалы жеке автокөлігінің әйнегін сындырып, оның жеке құжаттары мен көлік құралының құжаттарын (сақтандыру полисі мен техникалық байқаудан өткені туралы куәлік және басқалар) жойып жібергені туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 384-бабы 1-бөлігі (Жеке құжаттарды жымқыру және жою) бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Есік қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол құжаттарды жойғанын толық мойындап, мұны жәбірленушіге деген жеке басының араздығынан жасағанын жеткізді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру