Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір күнде карантин талаптарын сақтамаудың 30-ға жуық дерегі анықталды

Мақтаарал ауданының полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша рейдтерді күнделікті атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар мобильді топтармен бірге адамдар көп шоғырланған, сауда және ойын-сауық орындары, дүкендер мен базарларды, қоғамдық көліктер мен көшелерді аралап, шектеу шараларының сақталуын тексеруде.

Осыған байланысты небары бір күндік рейд кезінде Мақтаарал ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша карантин талаптарын сақтамаған 30-ға жуық жайтты анықтады.

Мәселен аудандағы төрт жанаржағармай бекеттерінің жұмысшыларының бетпердесіз қызмет көрсеткені, екі ойынхананың түнгі уақытта жұмыс істеп тұрғаны мен оның иелерінің және 12 дүкеннің сатушысының бетпердесіз қызмет көрсеткені белгілі болды. Сондай-ақ басқа да сауда орындарына тұрғындардың бетпердесіз кіргені анықталды.
Аудан полицейлері анықталған жайттардың барлығында мобильдік топ қызметкерлерімен бірге арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң аясындағы тиісті шараларды атқарды. Яғни құжаттар жинақталып, СЭС-ке жолданды.

Мақтаарал ауданының полицейлері тұрғындарға карантин кезінде шектеу шараларын және өз саулықтарымыз үшін арақашықтық пен бетперделік режимді сақтауға шақырады. Сонымен қатар той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынғанын ескертеді. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру