Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Былтыр СҚО ПД басшығы 3 мыңнан астам өтінішке жауап берді

СҚО Полиция департаментінің басшылығы өткен жылы 3 169 жазбаша өтінішке жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы жаңа жылда алғашқы рет азаматтарды қабылдады. Сегіз солтүстікқазақстандық полиция полковнигі Марат Төлебаевпен онлайн-диалогқа шықты. Олардың басым бөлігі қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша жүгінді. Полиция қатарында қызмет етуге ниет білдірген өңірдің үш тұрғыны жұмысқа тұру мәселесін сұрады. Сұрақтарды қарастыру барысында ведомство басшысы бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптарға баса назар аударып кетті. Оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді әділ өткізу, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, халыққа көмек көрсету, барлық өтініштерге жауап беру сияқты талаптар аталды. Сервистік полиция жұмысының аталған маңызды принциптері толық сақталмайтын кездері жеке қабылдаулар барысында айшық көрінеді.

Өткен жылы Полиция департаменті басшылығының атына 3 169 жазбаша өтініш келіп түсті. Ведомство басшысының жеке қабылдауында екі жүзден астам азамат болды. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтар ішкі істер органдарына қатысты өтініштерін әлеуметтік желілерге орналастырып, жауап алуда.

– Еліміздің Президенті өз Жолдауында адамдармен ашық диалог жүргізудің маңызды екендігін баса айтты. Бүгін осындай диалог алаңдарын ведомство қабырғасында ғана өткізумен шектелмейді. Қолданылатын интернет-платформалар мен басқа да электронды ресурстар мұндай диалогтарға жеделділік пен ашықтық береді. Келіп түсетін азаматтардың өтініштерін, толық әрі жан-жақты жауап ұсынумен, уақтылы және сапалы қарау жеке бақылауда, – деді полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев.


СҚО ПД бастығы азаматтарды сәрсенбі күндері қабылдайды. Қабылдау онлайн режимде жүргізіледі. 39-40-20 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру