Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері көліктерден ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Полиция қызметкерлері көліктерден ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде екі автомашинадан ұрлық жасаған 38 жастағы ер адамды ұстады.

Сауда өкілі ұрлық жасалғаны туралы полицияға арызданған. Тергеп-тексеру барысында дүкенге азық-түліктерді түсіріп жатқан кезде ер адам автомашинаның ашық қалған есігін пайдаланып, бір қорап шекілдеуікті ұрлап кеткені анықталды. 15 мың теңге тұратын ұрланған шекілдеуікті ол басқа азық-түлік дүкеніне өткізіп жіберген.

Күдікті бұрын автомашинаның ашық қалған есігін пайдаланып, салоннан 87 мың теңге тұратын «Huawei» маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен. Автомашинаның иесі ТҚС-ға келген және машинаны ашық қалдырған, осылайша ұрлық жасалған.

Қазіргі кезде күдікті ұсталып, жасаған іс-әрекетін мойындады. ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлғаның бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Автомашина иелерінің көбінесе есіктерін ашық қалдыруы ұрлықтың жасалуына әкеліп соғады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға мұқият болуды, көліктің есік және терезелерін жауып отыруды ескертеді.

Егер де сіз осы секілді ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру