Шана ұрлаған күдікті ұсталды
Павлодар облысында шана ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны полицияға балалар шанасының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген. Павлодар облысының полицейлеріне шана ұрлаған адамды ұстау үшін бір тәуліктен де аз уақыт қажет болды.
Ұсталған ер адам кіреберісте қараусыз қалған шаналарды көріп, шананы ұрлап, базарда сатқысы келгенін айтты.Алайда өз жоспарын жүзеге асыруға оның уақыты болмады, қаскүнемді құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.
Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Шана иесіне қайтарылды.