Алматы қаласының полицейлері саяжайларда арнайы рейдтер өткізуде
Алматы қаласының полицейлері саяжайларда арнайы рейдтер өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды тұрақтандыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткен демалыс күндері Алматы қаласының Медеу және Наурызбай аудандарындағы саяжайлар аумағында жергілікті жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.
- Іс-шараға учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамы, ювеналды полиция инспекторлары, ЖӘАЖ, патрульдік полиция Полкі және конвой қызметінің батальоны қатысты. Наурызбай ауданында келесі саяжайлар қамтылды: "Весна-1, 65", "Наурыз-1,2", "Алма-1", "Эдельвейс", "Самал", "Медеу", "Пищевик", "Алма" , "Жасыл жер", "Кооператор", "Достық", "Денсаулық және еңбек үшін". Ал Медеу аймағында: "Кеңсай" және "Мұз тау" (Каменское үстірті). Жергілікті рейдтер тұрғын үйлердің аулаларын аралауға, қараусыз қалған саяжайларды анықтауға, пәтерлерді тіркеусіз жалға беретін адамдарды анықтауға, бұрын сотталған адамдарды, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды тексеруге бағытталған, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Іс-шара уақытында 217 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды:
- ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) - 19;
- ҚР ӘҚбК-нің 440-бабы (алкогольдік ішімдіктер ішу) - 20;
- ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (абаттандыруды бұзу) - 50;
- ҚР ӘҚбК-нің 486-бабы (тіркеу рәсімін бұзу) –үш;
- ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы (тіркеусіз тұру) - 78;
Барлығы 317 саяжай тексерілді.
- анықталған тіркеусіз тұратын адамдар - 78;
- анықталған жалға берілетін саяжайлар -38.