Павлодарда «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде
Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 20-22 қаңтар аралығында Павлодар облысының аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Аталған іс-шара аясында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтап, олардың жолын кеседі, көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен құрылымының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылайды, көлік конструкциясының тіркелмеген өзгерістерін анықтайды және автобустардың автопарк аумағынан шыққан кезде техникалық және медициналық тексеруден уақтылы өтуін тексереді. Сонымен қатар, полицейлер көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, автожолдарда заңсыз мигранттар мен заңсыз тасымалдаушыларды анықтайды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Полиция қызметкерлері автобус пен маршруттық такси жүргізушілерін жол ережелерін бұзбауға, жолаушылармен сыпайы болуға, көлік жүргізуде сақ болуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарауға шақырады.