Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобустағы құқық бұзушылықтар анықталды

Ақтөбе облысы аумағында 2021 жылдың 20-22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің бұзуылуын алдын алу.Автобустың тұрақты және тұрақты емес жолаушылары мен жүк тасымалына, автобустың техникалық жай-күйіне және оның конструкциясының белгіленген талаптарға сәйкес келуіне, автобустардан алдын ала медициналық және техникалық тексерулер жүргізушілеріне рұқсат етілуіне ерекше назар аударылады.

ЖАІШ жүргізілген бірінші күн нәтижесі бойынша ПД жеке құрамымен жолаушылар көлік құралының жасаған 115 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде өздігінен автокөлікке рұқсатсыз өзгерістер енгізудің төрт фактісі, маневр жасау ережелерін бұзудың 15 фактісі белгілі болып, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданудың 25 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру