Мас жүргізуші ұрланған көлікті тізгіндеп жүргендігі анықталды
Петропавл полицейлері айдап әкетілген көліктегі мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер масаң күйде көлік жүргізу фактілерінің жолын кесуге бағытталған іс-шара өткізуде. 18 қаңтарда Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғ. Мүсірепов көшесінде 38 жастағы қала тұрғыны басқарған «Honda Element» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғандықтан, оны медициналық куәландырудан өтуге шақырған, нәтижесі мас күйде екендігін көрсетті. Сонымен қатар, тексеру барысында полицейлер автокөліктің Нұр-Сұлтан қ. айдап әкетілген ретінде іздеуде жүргенін анықтады.
Қазіргі уақытта жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі жазасын өтеуде. Көлік айып тұрағына қойылған. Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері материал жинауда, оны астаналық әріптестеріне тапсыратын болады.
– Барлығы өткен жылда облыс аумағында 1049 мас жүргізуші ұсталды, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. — Басқа сөзбен айтқанда, әр 2-3 күнде солтүстікқазақстандықтың біреуі ішімдік ішкеннен кейін рөльге отырып, өзі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірін тәуекелге байлайды. Патрульдік полиция қызметкерлері осындай фактілерді анықтау мен жолын кесуге бағытталған, мас күйде көлік жүргізу практикасына нүкте қою қажет.