Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мүгедек жандарға қарақшылық шабуыл жасалды

Ақтөбеде полицейлер екі мүгедекке жасалған қарақшылық шабуылды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарға қараған түні белгісіз ер адам терезе арқылы үйге кіріп, 72 жастағы зейнеткер, 2-топтағы мүгедекті және оның зайыбы, 1-топтағы мүгедекті көсеумен ұрып-соғып, дене жарақатын салған, содан кейін ол 20 мың теңге сомасындағы қарттардың соңғы ақшасын алып кеткен. Табылған ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Осы ауыр қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, полицияның кешенді күштерінің барлық жасақтары бағдарланды. Жедел шараларды өткізу барысында 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру