Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлерге заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбылдық полицейлерге заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаментінде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2020 жылғы 31 желтоқсандағы заңын зерделеу бойынша кеңес отырысы өтті.

Жиынға ПД бастығының орынбасары Т.Оразымбетов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің өкілдері және ПД Тергеу, Анықтау, Жедел-криминалистік басқармаларының жеке құрамы қатысты.

Кеңес барысында аталған заң – үш буынды модельдің алғашқы қадамы екендігі атап өтілді.

Біріншіден – уақытты үнемдейді, екіншіден – ашықтықты қамтамасыз етеді, үшіншіден – азаматтардың қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тартылуын болдырмайды.

Ендігі жерде азаматтардың тағдыры бір ғана тергеушінің қолында емес, барлық құқық қорғау органдарының назарында болады.

Демек, қылмыстық қудалау органы іс құжаттарын жинайды, прокуратура органы оның заңдылығын қарап, шешім қабылдайды, ал Сот оған баға беріп, түпкілікті шешім шығарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру