Шымкентте кезекті той ұйымдастырғандар анықталды
Карантин кезінде тойханада той ұйымдастырған тұрғын анықталып, жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 14:00 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Таза қала» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Аяулым» тойханасында құдалық мерекелік іс-шарасы өткізіліп жатқанын анықтап, тоқтатты.
Аталған тойхана иесіне карантин талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, Абай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды. Қала тұрғындарын карантин талаптары мен ережелерін сақтауға шақырамыз.