СҚО полициясының қызметкері әйелдің босануына көмектескені үшін ҚР ІІМ медалімен наградталды
СҚО полициясының қызметкері әйелдің босануына көмектескені үшін ҚР ІІМ медалімен наградталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД өткен жедел кеңестегі марапаттаулардың арасында Мағжан Жұмабаев ауданы Полиция бөлімінің қызметкері Ольга Кангозинаны ҚР ІІМ «Құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен наградтау ерекше сәт болды.
8 қаңтар күні жедел уәкіл медицина қызметкерлеріне әйелді шұғыл босандырып алуға көмектескен. Тергеуші болып жұмыс істейтін бес жыл ішінде қылмыскерлермен бетпе-бет кездесуге, мәйіттерді көруге және қызметтегі өзге де психологиялық қиын сәттерге еті үйренген Ольга, бұл оқиғаның ол үшін ең қиын сынақ болғанын айтады. Аталған жайт туралы ақпарат тек БАҚ-та ғана емес, әлеуметтік желілерде де оны танымал кейіпкерге айналдырды.
– Бұл тек менің ғана емес, медицина қызметкерлерінің де еңбегі, – дейді Ольга. – Медицина қызметкерлері мен полицейлер үшін басты мақсат – жерлестеріміздің өмірі, денсаулығы мен амандығы.
«Погонды акушерге» медалді облыстық полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев табыстады.
– Полиция капитаны Кангозина қалыпты емес жағдайда абдырап қалған жоқ, – деді ол. – Бұл қазіргі қазақстандық полицейдің психологиялық тұрақты әрі жылдам, жан-жақты дамыған және адамдарға қол ұшын созуға дайын болу қажеттілігін айқындайтын мысал. Ольганың екі жоғары білімі бар, заңгер және психолог. Өзін-өзі дамытуға ұмтылу – нағыз кәсіби маманның тағы бір маңызды ерекшелігі. Лайықты марапат одан әрі дамуына ынталандыра түседі.