Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 25 фактісі анықталды

Ақтөбеде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 25 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарда жүретін техниканы пайдалана отырып, заңсыз аң аулау фактілерін анықтау, жолын кесу және алдын алу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында ағымдағы жылғы 28-31 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қарда жүргіш» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік және Криминалдық полиция басқармасы бөлімшелерінің қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні мобильдік топ мүшелері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 25 фактісін анықтады, оның ішінде:

– жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін – 18;
– балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу – бір;
– азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу – алты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру