Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық тұрғыннан бір келіге жуық гашиш тәркіленді

Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының тұрғынынан 1 келіге жуық гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне қалада белгісіз бір ер адамның есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпарат бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер 40 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Санкцияланған тінту кезінде полиция қызметкерлері оның үйінен полимер пакеттерге салынған өсімдік тектес затты тауып, тәркіледі.

Өткізілген сараптама нәтижелері алынған заттың жалпы салмағы бір келі гашиш екендігін анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру