Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда қаскүнем зейнеткердің қолындағы сөмкесін жұлып алған

Қарағанды облысында зейнеткерді тонаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 73 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Зейнеткер көшеде кетіп бара жатқанда, белгісіз біреу оның қолындағы сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, сөмкеде 25 мың теңге және зейнетақы кітабы болған. Шығын мөлшері 38 мың теңгені құрайды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

28 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті  48 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру