Маңғыстауда қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу проблемаларына арналған семинар-кеңес өткізілді
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ғимаратында қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семинар-кеңеске облыс прокуроры Ерлан Абаев, прокуратура басшылығы мен жеке құрамы, Департаменттің Тергеу басқармасының басшылығы, қалалық және аудандық бөліністердің басшылығы, тергеушілер мен анықтаушылар, сондай-ақ басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде процестік шешімдер қабылдау кезінде туындаған мәселелер қарастырылып, осы модель бойынша бір ай жұмыс істеу барысында орын алған кемшіліктер талқыланды.
Семинар барысында үш буынды модель аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі туралы бейнеролик көрсетілді.
Алдағы уақытта анықталған кемшіліктерге жол бермеу және тергеушілер мен анықтаушылардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында осы тектес семинарлар мен қосымша практикалық сабақтар тұрақты негізде өткізілетін болады.
– Қылмыстық процестің үш буынды моделінің барлық қатысушыларына үлкен жауапкершілік жүктелген. Бүгінгі семинардан кейін біздің қызметкерлеріміз тиісті қорытындылар шығарады және алдағы уақытта қылмыстық-процестік заңнаманы бұзуға жол бермейді деп үміттенемін, – деп атап өтті Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев.