Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер әріптестерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ішкі істер органдарында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен әріптестерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткерлік куәлігін алғандар қатарында Мақсат Ақылбаев пен Бауыржан Есимсейтов бар.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бауыржан Ибраев аталған қызметкерлердің жастарға үлгі боларлықтай, көлемді игі істер атқарғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ шара барысында тәртіп сақшылары әріптестеріне ұзақ жылдар бойы елге сіңірген еңбектері үшін алғысын айтып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру