Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан кейін қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан кейін жауапкершіліктен жалтармақ болмақ жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтарда сағат 20.40 шамасында Екібастұз қаласының полициясына жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Мән-жайды анықтау барысында Мәшһүр Жүсіп көшесінде «Тойота» автокөлігінің жүргізушісінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай «Киа» автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қашуды жалғастырған. Алайда полиция қызметкерлері 52 жастағы жүргізушіні ұстады, – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шәкәрғалиев.

Полицияда аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599 (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 606 (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы), 610 (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), 611 (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) және 613-баптары (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, материалдар сотқа жіберілгенін хабарлады.

Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші сау болған.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру