Қызылорда облысында жылқы ұрлаған күдікті құрықталды
Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған аудан тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қаңтарда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 26 жастағы ауыл тұрғыны қыстаудағы мал қорасынан бір бас жылқысының ұрланғандығы туралы шағымданған.
Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті 30 жастағы аудан тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.