Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар Шымкентте пышақпен ұмтылған ер азаматты ұстады

Ұландықтар Шымкентте пышақпен
ұмтылған ер азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға өткен демалыста Шымкент қаласында орын алды. Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің әскери жасағы шаһардың бір ауданында қызмет атқара жүріп, сөзге келіспеген екі азаматты байқайды. Біреуінің қолында пышақ тұрғаны байқалады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Ердәулет Ешентай, қатардағы Ілияс Тұрдиев және Сұлтан Сапамен бірге әлгі азаматтарға қарай жақындайды. Әскерилер ер азаматтарға олардың қоғамдық тәртіпті бұзып тұрғанын ескертіп, сабырға шақырады. Алайда, олардың біреуі пышағын әскери жасаққа қарай қармап, балағат сөздер айта бастайды. 

– Біз өз бағытымыз бойынша қызметте едік. Бір мезетте екі азаматтың дөрекі дауыспен жанжалдасып жатқанын байқадық. Оларға қоғамдық тәртіпті бұзбауды ескерттік, сол сәтте біреуі бізге пышақ ала ұмтылды. Нәтижесінде күш қолдана отырып, бұзақыны сабасына келтіруге тура келді. Қолын бұрап, полиция қызметкерлеріне тапсырдық, — дейді ұландық Ердәулет Ешентай.


26 жастағы азамат ұсталып, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық полиция басқармасына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру