Әжейдің сөмкесін қолды қылған азамат ұсталды
Қарағанды облысында зейнеткердің пәтерінен ішінде ақшасы бар сөмке ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреудің 69 жастағы әжесінің пәтеріне кіріп, 160 мың теңге ақша салынған сөмкесін ұрлап кеткенін айтып шағымданды.
Ұрлық немересі әжесіне қонаққа келгенде болған. Сыртқы есіктің ашық қалғанын пайдаланған ұры үйге кіріп, кіреберісте тұрған сөмкені алып, шығып кеткен.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
30 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 25 жастағы жас жігітті ұстады.
Айғақ заттар алынып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.