Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғыны учаскелік полицейдің жұмысын бағалады

Отыз жылдан астам уақыт бойы ауылда тұрып келе жатқан тұрғын учаскелік полицейдің жұмысын бағалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мен Михёкина Людмила Владимировна, Шұбарсу ауылында 1989 жылдан бері тұрамын. Бауыржанды мен 2016 жылдан бастап танимын. Ол рейдтерді, түрлі профилактикалық шараларды атқарады. Соның нәтижесінде біздің ауылда бұзақылар мүлде жоқ. Учаскелік полицейіміз Бауыржан өте ақылды әрі сауатты сақшы. Ол бәрімізге құрметпен қарайды, бізде оны құрметтейміз, жақсы көреміз, – дейді отыз жылдан астам уақыт бойы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында тұратын Людмила апай.

Бүгінгі таңда аумақтарына бекітіліп, қызметін адал атқарып жүрген учаскелік полицейі Бауыржанға деген алғысын осылай жеткізуде. Ал Ордабасы АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Айтжанов Шұбарсуда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Ол өз жұмысын күнделікті таңертең бекітілген аумағын аралап, тұрғындармен кездесуден бастайды. Содан соң өзінің қызмет орны №10 учаскелік тірек пунктінде жұмысын жалғастырады. Оған қарасты аумақта шамамен 5 мың 250 тұрғын тұрады. Бүгінде тәртіп сақшысының нәтижелі жұмыстарының арқасында Шұбарсу ауылында қылмыс саны 80%-ға төмендеген. Ал мал ұрлығы 90%-ға азайған.

Айта кетейік, Бауыржан Айтжанов екі рет қатарынан үздік учаскелік полицей атағын алған.

– Мен өз аумағымды қауіпсіз әрі қылмыссыз ету үшін қызмет етіп жүрмін. Сондықтан тұрғындарға мені табу оңай болсын деп, уақытымның басым бөлігінде тірек пунктінде боламын. Нөмірім жазылған парақшалар дүкендерге кіре беріс жерлерде, халық көп шоғырланатын орындарда жапсырылған. Өздеріңіз білесіздер бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыруды айтты. Сондықтан тұрғындар менің жұмысыма оң баға беріп, жоғары көрсеткіш көрсету үшін барымды салудамын, – дейді Бауыржан.


Осы ретте біз де қауіпсіздікті бірінші орынға қойып,өз жұмысына берілген үздік учаскелік полицей Бауыржан Айтжановқа сәттілік тілейміз. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріңіз нәтижелі болсын!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру