Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «Мигрант» іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысында «Мигрант» іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының ІІМ және Түркістан облысы ПД нұсқауына сәйкес осы жылдың ақпан айының 1-5 аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар ҚР-на келу, ҚР-да болу, ҚР-нан кету ережелерін сақтау болып табылады.
Аталған шара барысында Сарыағаш ауданында Өзбекстан Республикасының бес азаматы заңсыз жүргендері анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өзбекстан Республикасының бес азаматына Заңды шешім қабылдау үшін, әкімшілік істер Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен өзге елдің бес азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру