Қызылорда тұрғыны полицейлерге әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдірді
Қызылорда қаласының тұрғыны Жамила Махатова әлеуметтік желілер арқылы патрульдік полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 ақпан күні таңертең Қызылорда қаласы Саяхат шағын ауданында бес жасар баласын балабақшаға апара жатқан қала тұрғынының көлігінің дөңгелегі жарылып, жол шетінде қалған.
Өзге көлік жүргізушілерін тоқтатып, көмек сұрағанымен Жамилаға ешкім тоқтай қоймаған. Жол шетінде тұрған автокөлікті байқаған, патрульдік полиция қызметкерлері тоқтап, мән-жайды анықтағаннан кейін Жамиланың көлігінің дөңгелегін ауыстырып берген.
– Алла разы болсын! Бүгін таңғы сағат 08:50-де балабақшаға барар жолда көлігім бұзылып, жол жиегінде қалдым. Патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Әсіресе, инспекторлар Қожатаев Ерлан мен Кемелбек Төребекке алғыс айтамын. Қызметте жоғарылап, халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіздер, – деді ол.