Тұрғындардың көлігіне ұрлыққа түскен ақтөбелік ұсталды
Ақтөбеде көлікке ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың мүлкін ұрлаудың, оның ішінде автокөліктен жеке мүлікті ұрлаудың себебі азаматтардың өз мүлкіне немқұрайлы қарауы болып табылады. Статистикаға сәйкес, автокөлік ұрлығы түнгі уақытта жасалады. Көп жағдайда автокөлік ұрлықтарын бұрын сотталған және тұрақты табыс көзі жоқ адамдар жасайды.
Мәселен, 31 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін жүргізу барысында Ш.Қалдаяқов көшесіндегі үйдің ауласына қойылған «Toyota-Corolla» автокөлігінің кілттерін ұрлау әрекеті кезінде Ақтөбенің 25 жастағы тұрғыны ұстады.
Алдын ала тергеу барысында ұсталған азаматтың сол аулада тұрған «Lada Granta» автокөлігіндегі ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші жағындағы алдыңғы есіктің құлпын бұзу арқылы күдікті құрылыс құралдарын ұрлаған (перфоратор, пластикалық құбырларды дәнекерлеуге арналған темір, пластикалық құбырларды кесуге арналған қайшы).
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін жүргізу барысында 25 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат жасаған әрекетін мойындады. Күдікті Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамалды.
Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас ұрлық жасауға қатыстылығы да тексерілуде.
Автокөлік ұрыларының құрбаны болмас үшін бірнеше қарапайым қеңестерді орындау қажет:
– мүмкіндігінше, тіпті қысқа уақытқа да автокөлікті күзетілетін тұраққа қою қажет;
– көлік құралын ұзақ уақытқа қалдырған кезде көшелер мен жолдардың жақсы жарықтандырылған учаскелерін, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған учаскелерді, сондай-ақ күзетілетін автокөлік тұрақтарын пайдалану қажет;
– көлік құралын айдап кетуге қарсы, оның ішінде рөл дөңгелегін, беріліс қорабын немесе педальдарды бұғаттауға арналған механикалық жүйелермен жабдықтау керек;
– сіз автокөліктен қысқа уақытқа кетіп қалсаңыз да, кілттер мен құжаттарды автокөлікте қалдырмаңыз;