Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Елордалық алаяқ Жаңаөзен тұрғынынан жұмысқа тұрғызу үшін 4 млн теңге ақша алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінді.
Оның айтуынша, басқа қаладан келген ер адам оны жұмысқа орналастыруға уәде беріп, көмегі үшін одан алдын ала 4 млн.теңге ақшасын алған. Алайда уәде етілген жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілмегендіктен, қала тұрғыны алданғанын ұғып, полицияға шағымданған.
Жедел уәкілдер осы іске қатысы бар деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, аталған азамат полицияға жеткізілді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.