Ақтаулық алаяқ аңғал азаматшаны сан соқтырған
Ақтауда алаяқ әйел ақшаны айналдыру арқылы еселеу жолымен пайда табатыны туралы уәде беріп, жергілікті тұрғынның 324 500 теңгесін заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтауда полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша шаралар қабылдау туралы арызбен жүгінді.
Әйелдің айтуынша, өткен жылы «WhatsApp» мессенджері арқылы бейтаныс азаматша салымшылардың қаражатын айналдыру арқылы еселеу туралы уәде беріп, оның 324.500 теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы әйел анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.